Ешмағамбетов: қазақстандықтар адвокаттың көмегін тегін ала алады

"Рro bono (қоғамның игілігі үшін — ред.) енгізу әлеуметтік және қаржылық жағынан қиындыққа тап болған азаматтарға адвокаттың немесе заң кеңесшісінің көмегін құқықтық жағдаятта бастан-аяқ тегін алуға мүмкіндік береді", — деді Ешмағамбетов мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, бұл қызмет заңгерлердің міндеті емес, құқығы болып табылады.