«Есік» мұражайына «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының өкілдері қонаққа келеді

Бұл кездесуде қонақтар «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен танысады. Сонымен қатар, елді мекендерден шалғайда жатқан, бірақ, ұлтымыздың баға жетпес тарихи құндылықтарына ие «Ұлытау» қорық-мұражайы жайлы түрлі ақпараттармен, фотокөрмемен таныстыру шарасы өтеді деп күтілуде, делінген «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы таратқан хабарламада.

Осы шара барысында өзара ой-пікір, тәжірибе алмасу, мұражай құрылымдарымен танысу, болашақ іс-қимыл жоспарлары талқыланатын болады. Аталмыш сапар нәтижесінде жергілікті архитектуралық, археологиялық ескерткіштермен танысу, Ұлытау тарихы жөнінде баспасөз өкілдеріне ақпарат парағын тарату күтілуде.

Ұлытау - қазақ халқының алтын бесігі, Ұлт ұясы! Ұлытау - Қазақстанның тарихи және географиялық орталығы.

Ұлытау ауданында 700-ден астам тарихи, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 13 республикалық ескеркіш бар. Атап айтқанда: Жошыхан, Алашахан, Домбауыл, Басқамыр қалашығы, Әулиетау - Ақмешіт, Едіге шыңы және өзгелер бар.