Есік қаласының маңында 56 жастағы әйел соққыға жығылып, зорланған

Алматы облысында 56 жастағы әйел зорланды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Қылмыс туралы мәлімет Facebook желісіндегі "#НеМолчиKZ сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысында" жарияланған. Қауымдастыққа 1990 жылғы жігіт хабарласып, өздерінің үйінде біреулер анасын ұрып-соғып, зорлағанын хабарлаған. Оқиға Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылында болған.

"56 жастағы сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел Есік қаласының ауруханасында жатыр, оның жағдайы ауыр, соққыдан әйел ауыр жарақаттар алған. (...) Әйелге жедел түрде көзіне ота жасау керек, сондай-ақ нейрохирургтың кеңесі мен емдеуі қажет", - делінген хабарламада.

Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер сотқа дейінгі тергеу жұмыстары біріңғай реестерде "Зорлау" бабымен қозғалған. "Қылмыскердің кім екені анықталған. Қазіргі уақытта оны ұстау үшін шаралар жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.