Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін

Бұл туралы оқиғаның куәгері мәлім етті деп exclusive.kz сайты хабарлайды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Оқиғаның куәгері Болат Мусинов есімді азамат полицияға күдіктілерді өзі ұстап берген. Алайда ол полицейлердің күдіктілерді жіберіп қойғанын айтады.

Куәгер қызды зорлағандардың бірі аудандағы шенді азаматтың күйеубаласы деген сөз тарап кеткенін де айтып қалды.

Қылмыстың куәгерлері бұл іспен облыстың емес Алматы қаласының құқық қорғау органдары айналысса екен дейді. Өйткені олардың айтуынша, полицейлер ғана емес, медициналық сараптама қызметкерлері де күдіктінің туысқаны болуы мүмкін дейді.

«Бізді Алмаз есімді күдіктінің осы аудандағы ірі шенеунікті ұлы дегенге сендіріп жатыр. Оған сенуге де болады. Өйткені, оны ұстаған кезде Алмаз АІІБ қызметкерлерімен бірге жүрді. Мен қарындасымның қайда екенін сұрағанымда, ол көлікті нұсқады. Көлікті қарасам, Жібек жалаңаш отыр. Ол маған өзінің зорланғанын, тіпті өлтірмек болғанын да айтты, – дейді Болат Мусинов.

«Оған телефон арқылы арызын қайтармаса, өлтіріп кететінін, ата-анасының амандығын ойлауы керектігін айтып қоқан-лоққы көрсеткен. Ол қорыққанынан осылай жасамақ та болды», – дейді ағасы.


«Бұл істің Алматыға ауыстырылғанын қалап отырмыз. Өйткені, біз сараптамаға келгенге дейін қылмыстың ізін жасырып, киімдерін, көлікті жуып тастаған. Тіртіп сақшылары бұл үшін ешкімді қамауға ала алмайтынын, оларды қолхат жаздырып босатқанын айтты. Алайда, олар ешқандай қол қойған жоқ», – дейді Мусинов.

«Мен ертеңіне келгенімде полицелердің заң бұзушылық әрекеттерін байқадым. Олар АІІБ аумағына жуылған көлікті кіргізіп жатты. Оны тексеруі тиіс болатын. Қыз орнынан қозғала алмайтын жағдайда болды. Полицейлер маған бәрінің түк болмағандай етіп жасайтынын ашық айтты. Біз өзге емханада сараптама жасатпақ болғанымызда олар қарсы болды. Бұлайша барлық дәлелдің көзін жойып  жібермеу керек қой. Бұл қылмыс», – дейді тағы бір куәгер Рүстем Есбатыров.

«Зорлау – сыра ішкенмен бірдей болып қалды. Өйткені, зорлаушыларға полицейлердің өзі жақтасып отыр», – дейді ол.

Бұған дейін қызды жабылып зорлаған топ жігіттің екеуі ұсталғанын хабарлағанбыз.