Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексеру барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті аудандық бөлімге 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс істеген 61 азаматтың ісін кері қайтарған.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, азаматтың арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алу құқығын растайтын бір құжатқа Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жұмыс өтілін белгілу жөніндегі комиссияның шешімі болып табылады.
"Еңбек өтілі расталғаны туралы шешім болған жағдайда, әлеуметтік қорғау органдары азаматқа жәрдемақыны белгілеуге тиіс. Алайда, тексеру нәтижесі көрсеткендей, халықты әлеуметтік қорғау департаменті еңбек өтілін растау туралы комиссияның шешіміне қарсылық білдірмеген бола тұра, азаматтарға да жәрдемақыны белгілемеген, бұл азаматтардың арыздарын қарауды сөзбұйдаға айналдырып, содан азаматтардың құқығы бұзылған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сөйтіп, прокурордың таныстыруын қарау нәтижесінде, департамент азаматтарға мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны белгілеуге құжаттарды қабылдап, мемлекеттік органның кінәлі адамдары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.