Есіл өзенінен жыртқыш балық табылды

Петропавлдық Сергей Константинов қармағына ілінген тістері ақсиған балықты көргенде шошып кетіпті. Салмағы бір келіден асатын пираньяның  бір ғана үйірі суда мекендейтін бақа-шаян атаулыдан түк қалдырмайды екен. Тек Оңтүстік Америкада ғана кездесетін бұл балық су бетін сәл мұз басса- ақ қырылып қалатын көрінеді. Сондықтан мамандар өзенде өзге де осы сынды жыртқыш жәндік болғанның өзінде, олар алғашқы қысқа шыдамайды деп отыр. Осыдан аз бұрын Кереку өңірінің тұрғыны да дәл осындай  балықты Ертістен аулап алған еді. 


Илья Зейферт, СҚО «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының» бөлім бастығы:   

- Біздің ойымызша пираньяны тұрғындардың бірі аквариумда ұстаған.  Шабақ кезінде қызық көрген де шығар, бірақ тек етпен қоректенетін ересек балықты күтіп баптау оңай емес. Сондықтан біздің ойымызша иесі балықты аяп, өзенге жібере салған.