Есіл қаласында жүк пойызы мен автокөлік соқтығысып қалды

«Жол-көлік оқиғасы 20 желтоқсан күні сағат 15:47 минут шамасында Есіл қаласында «Арқалық-Есіл» теміржолының 3 шақырымындағы № 9 өткел жол бекетінде орын алған. Мұнда № 3001 жүк пойызы  «Ваз-2106» автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнына ТЖБ жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника,  Есіл аудандық ІІБ 5 қызметкері мен 2 техникасы келіп жетті.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.  Сондай-ақ,  теміржолға зақым келмегендіктен өзге пойыздардың қозғалысына да кедергі келтірілген жоқ», - деп көрсетілген хабарламада.