Есіл жағасында қыдырып жүрген Назарбаевтың видеосы жұртты таңқалдырды

-Мынау қазақтың ырымы емес, шүберек байлау деген. Шамандардан қалған. Алдайды өзін елдер. Қарашы, жап-жақсы ағашты қандай қылып қойды. Сендер де шүперек байладыңдар ма?

Бірер күн бұрын ғана жарияланған таспаны 20 мыңға жуық адам көріп үлгерген.  Жалпы, соңғы кезде Назарбаевқа қатысты жұмыстан тыс түсірілген таспалар жиі жарияланып жүр. Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі президенттің 16 жыл бұрынғы немерелерінің ортасында шаттанып отырғанын, кейін жиендерінің есейген шағын, көлік жүргізіп келе жатқанын және балық аулап отырғанын жариялаған болатын. 

Loading...