Есімов ЭКСПО-дағы басшылық құрамды қысқартты

Есімов ең алдымен басқарма төрағасының саны көп орынбасарлары мен  басқарушы директорларды қысқартыпты. Яғни бес орынбасарын үшеу, тоғыз басқарушы директорды төртеу қылды.  Сонымен, ұлттық компаниядағы 7 лауазымды қызметкер  жұмыссыз қалды.  Ал, компаниядағы бірнеше департамент  біріктірілді. Сондай-ақ, Есімов ЭКСПО қызметкерлер жалақысының жылдық қорын 150 миллион теңгеге қысқартыпты. 

Loading...