Есімов пен Головкин Қазақстанда ірі бокс кешін өткізу мүмкіндігін талқылады

Ұлттық компания басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін ілгерілету бағытында атқарып жатқан  жұмысы үшін спортшыға алғыс білдірді.  

«ЭКСПО-да Сіздің тамаша спорттық мансабыңызға екі есе ынтызарлықпен қадағалап отырады. Біріншіден, біз сізді еліміздің мақтанышы санаймыз. Екіншіден, Көрмені әлемге танытуға ықылас танытқаныңызға шексіз қуаныштымыз», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде, Геннадий Головкин Көрме тақырыбының маңыздылығын жеткізу барысында барлық күш-жігерін салатындығын айтты.   

«Мен үшін ЭКСПО-2017-нің ресми елшісі болу әрі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең бір ауқымды жобалардың бірін таныстыру  үлкен мәртебе», - деді Г.Головкин.


Кездесуді қорытындылай келе, Қазақстанда ірі бокс-ивентті өткізуді әрі бұл спорттық шараны «Астана ЭКСПО-2017»-ге орайластыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.