Есірткі алып өту үшін жанкешті әрекетке барды


Тәртіп сақшылары оны жарты ай бойы аңдыған. Бұл жолы күдікті әдейі боранды күнді таңдап алып, бергі бетке есірткі алып өткенде қолға түсіп отыр. Қырғыздың тұла бойын тінткенде полиэтиленмен қапталған 15 орама табылған. Сыртына арқардың суреті мен 777 деген сан жазылыпты. Бұл есірткінің сапасы жоғары екенін білдіреді екен. Қара базардағы құны жарты миллион долларға жуықтайтын героин 100 мың адамның өміріне балта шабуға жеткілікті. Болжам бойынша героин Ауғанстаннан Ресейге жеткізілмек болған.