"Қазіргі кезеңде орталықты құру жөніндегі жобаның жалпы бюджеті 6,5 млн АҚШ долларын құрайды. Орталықтың Алматыда орналасатындығын ескере отырып, біз бюджетті 1,5 - 2 есеге өсіру туралы мәселені қарастырамыз",- деп мәлімдеді Т. Муршудли.
БҰҰ-ның аймақтық басқармасы өкілінің ақпараттарына сүйенсек, аталмыш орталық толығымен БҰҰ-ның есірткімен және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қаржысы есебінен қаржыландырылады. Жобаның негізгі доноры Финляндия, Ұлыбритания, АҚШ, Италия және Люксембург болып табылады. "Біз аталмыш орталықтың қызметіне басқа да елдер өз қызығушылықтарын танытады деп ойлаймыз",- деп қосты ол.
Бұрын хабарлағанымыздай, Орталық Азия елдері, Әзербайжан мен Ресей БҰҰ-ның көмегімен орталық кеңсесі Алматыда орналасатын есірткіге бақылау қою жөніндегі біріккен ақпараттық-үйлестіру орталығын құруға ниетті.
Бүгінгі күнде, орталық құру туралы келісімге бес елдің - Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қол қойған. Т. Муршудлидің ақпараттарына сүйенсек, жақын күндері келісімге Ресей Федерациясы мен Түрікменстанның президенттері қол қоймақ.
Одан кейін халықаралық келісімді бекіту шаралары басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті