Есірткі өткізуші Алматыдан Астанаға 8 кг героин жеткізбек болған

Астанада темір жол вокзалында Алматы облысынан келген азамат героиннің ірі мөлшерімен ұсталды.


28 жастағы ер кісіден 8 кг 466 грамм героин тәркіленді. Бұл туралы көліктегі ішкі істер департаментінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
Күдікті есірткіні Алматыдан Астанаға темір жол көлігімен жеткізгені үшін ақша алуы тиіс болғаны анықталды.
Қосымша жедел-іздестіру шарасы арысында есірткіні жөнелткен адам ұсталды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілуде.