"Ұсталған есірткі сатушылар орташа есеппен үш жылға дейін бас бостандығынан айрылады, соңғы екі жылда есірткіні сату мақсатында сақтаған немесе таратқан 4560 адамның әрбір бесіншісі тек шартты жазаға тартылған",- деп хабарлады А.Выборов бүгінгі өткен есірткінің заңсыз айналымына жауапкершілікті күшейту мәселесі бойынша "дөңгелек үстел" барысында.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, соңғы үш жылда өте ірі көлемдегі есірткі таратқаны үшін және ұйымдасқан есірткі таратушы топтарына қатысқандығы үшін сотталған 1005 қылмыскерден тек бес адамға 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан.
"Соттардың есірткі сатушыларға қатысты үкімдерінің тым жұмсақтығынан, олар есірткі қылмыстарын қайталап жасайды, ал олардың әрекеттері одан да әккілене түседі",- деп санайды А. Выборов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті