Алайда әккі жігіт кеденшілерден айласын асыра алмаған. Арнаулы рентген аппаратымен тексергенде, жеке көлігінің газ құйылатын багынан есірткі табылды. Ішінен 33 пакетке оралған ұнтақ шығыпты. Мамандар оның 26 келі героин мен 3 келі гашиш екенін анықтады. Күдікті есірткіні Ресейге апара жатқанын бірден мойындады. Ұсталған азамат өзін халықаралық лаңкестік пен экстремизм және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің запастағы полковнигімін деп құжат көрсеткен. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.