Есірткіні Kinder ойыншығына салып өткізбек болған ресейлік ұсталды

Облыстық ПД хабарлауынша, «Қарасора 2023» жедел алдын-алу шарасы аясында «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қарабалық аудандық полиция қызметкерлері және Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Ол марихуананы шекарадан Kinder ойыншығына салып өткізбек болған.


Қазір сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінен «Қарасора» жедел алдын-алу шарасы басталғалы бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі затын тәркілегенін хабарлады.