Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді, делінген Антикор хабарламасында.
Осыған байланысты ел азаматтарын аталған агенттік жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады.
"Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.