«22-24 маусым күндері Ақтөбе облысында, 23-25 маусым күндері Қостанай облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды, ауа температурасы 40°C-ге дейін жетеді», - делінген хабарламада.
Ал Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ауа райы тұрақсыз болып, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек оңтүстік өңірде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
23 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек оңтүстік өңірде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының бірқатар жерлерінде қатты ыстық болады. Қостанай облысында да күн қатты ыстық болады деп күтілуде.