Ескерту: Аяз 38 градусқа дейін көтеріледі; жол қозғалысы шектелді

Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жол қозғалысы шектелді,

деп хабарланды ҚР ІІМ ТЖК ресми сайтында.

Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" автожол учаскесінде (1275-1353км) дизель және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Ал, Қарағанды облысы бойынша барлық бағытқа барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қызылорда облысында «Кызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасына дейінгі» (12-216 км) учаскеде дизель және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.


Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша Шідерті және Баянауыл, Қарағанды облысы шекарасына дейін дизель және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.