Ескі 5 000 теңгеліктер айналымнан шығады. Не істеу керек?

Ескі үлгідегі 5000 теңгелік купюралардың айналымнан шығарылатыны туралы ақпарат тарады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айта кетейік, 2024 жылғы 11 қарашада Ұлттық банк 2011 жылғы үлгідегі (ескі) және 2023 жылғы өзгертілген дизайндағы (жаңа) 5000 теңгелік банкноттардың параллельді айналым мерзімін 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартқан болатын.

Осыған орай Ұлттық банктің ескертуі бар: 

"25 қыркүйектен бастап 2011 жылы шыққан 5 000 теңгелік ескі ақшалар жарамсыз болады". 

Бірақ оларды ауыстырып алуға болады.

Ескі ақшаны барлық банк пен «Қазпошта» 3 жыл бойы айырбастайтын болса, Ұлттық банк филиалдары оларды мерзімсіз қабылдай береді.

Сондықтан, қолда тұрған ескі ақшаларды ертерек ауыстырып алған дұрыс.

Одан бөлек, Ұлттық банкте бүгінде айналымда жаңа үлгідегі 1 000, 2 000 және 10 000 теңгелік банкноттар бар. Ескі купюралар үшін параллельді айналымның аяқталу мерзімдері төмендегідей белгіленді:

1 000 теңгелік банкноттар үшін – 2027 жылдың 27 наурызына дейін.

2 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 24 маусымына дейін;

10 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 27 маусымына дейін;