Ескі де жаңа премьер Кәрім Мәсімов Ақордадан Үкімет үйіне қайта оралды

Күтпеген жердентараған бұл хабар Есілдің сол жағалауы әп-сәтте абыр-сабыр етті. Серік Ахметов екі кештің ортасында қарамағындағыларды  шұғыл жинап, бүгіннен бастап қызметтен кететіндерін мәлімдеді.

Серік Ахметов, ҚР бұрынғы премьер-министрі:

Өз атымнан және Үкімет атынан маған сенім білдірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен алғысыыыымды білдіремін. Қазақстан Республикасының  Үкіметі  туралы заңға сәйкес, премьер-министрдің отставкасынан соң, Үкімет мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылады. Бірақ, жаңа Үкімет жасақталғанша, қызметтерін атқара береді. Менің ойымша,негізінен Үкімет құрамы көп өзгермейді. Барлығыңызға рахмет! 

Серік Ахметов бұл қызметте ұзақ отыра қойған жоқ. Небары бір жарым жыл ғана. Бұған дейін ол премьер-министрдің орынбасары, Қарағанды облысының әкімі қызметтерін атқарған болатын. Ал Премьердің креслосы ойсырап көп тұрмады. Елбасы небары бір сағаттың ішінде Парламенттегі фракция жетекшілерімен кеңесіп, жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынған. Депутаттар да бірауыздан қолдады. Министрлер кабинетіне енді Ахметовтың алдында алты жылға жуық премьер болған Кәрім Мәсімов қайта жетекшілік етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:


-
Кәрім Мәсімовтың кандидатурасы дәл қазір Үкіметті басқаруға лайықты деп есептеймін. Ол бірден іске кірісіп кете алады, жұмысты да таныстырып жатудың қажеті жоқ.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

-Аса мәртебелі Елбасы, құрметті депутаттар! Елбасының сенім білдіруі мен үшін биік мәртебе және жауапкершілік. Мен сіз артқан бар сенімді ақтауға күш-жігерімді аямаймын.

Ал,бұрынғы Үкімет ел есінде атышулы зейнетақы реформасымен қалды. Әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұзартпақ болған Ахметовтың кабинеті үлкен дауға қалған болатын. Одан кейінгі жұртты дүрліктірген девальвация. Президенттің тапсырмасына жүрдім бардым қарағандары үшін Серік Ахметов Елбасының алдында талай рет сөз естіп, министрлері сан мәрте жерге қарағаны тағы бар.

-Бірақ, қайта орлаған Кәрім Мәсімовтың да тұсында талай шудың болғаны жұрттың жадында. Осы бір жарым жыл үзіліс кезінде Мәсімов Президент әкімшілігіне жетекшілік еткенін және соңғы уақытта Мемлекеттік хатшы қызметін қатар атқарғанын да айта кетейік. Әзірге Мәсімовтың босатқан екі бірдей қызметіне кімдердің келетіні  белгісіз.