Отандық жаңа жеңіл көліктердің де бағасы елімізде едәуір қымбаттады. Сатып алынған автокөліктердің орташа құны қазан айында 35%-ға өсті. Айлық динамика бойынша өсім 3,5 пайыз болды. Көлік құнының қымбаттауы неге әкеп соғуы мүмкін? Сарапшылар не дейді? Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Astana.tv жаңалықтарының мәліметінше, сарапшылар инфляцияның 8,5 процентке дейін шарықтағанын айтқан. Бағадағы үлкен өсім нарықтағы жалпы көліктерде емес, сатып алынған автокөліктерде байқалды. Көлік бағасы қалықтады деуден халық та жалықпады.
Қымбатшылықтың соңы отандық өнімді тұтынушылардың санының азаюына алып келуі мүмкін дейді.
"Ол көліктің мәселесін біз өзіміз түсіне алмай қойдық неге байланысты екенін. Мысалы шетелден келетін көліктер олар тіптен арзан біздің өзіміздегі жинаққа қарағанда. Біз өзіміз жинаймыз, соның өзінде шетелдің дайын көлігіне қарағанда біздің жиналмай тұрған көлік қымбатырақ боп шығып тұр ғой", - дейді автосарапшы Әлішер Аярбеков.