Ескі президент сарайы бұзылатын болды (видео)

Бұл туралы caravan.kz медиа порталыcentralasian.org-қа  сілтеме жасап хабарлады.

Үш жыл бұрын ғимаратқа Душанбе әкімдігі көшіп барған. Совет заманында мұнда Тәжікстан компартиясының Орталық комитеті жұмыс істеді.

Душанбе тұрғындары тарихи әрі архитектуралық маңызы бар ғимараттың бұзылғанын қаламайды. Қала билігі болса ескі ғимараттарды сүріп, оның орнына зәулім үйлер тұрғызған жөн деп отыр.

Астананың бас жоспарында ескі президент сарайы бұзылатыны айтылған. Биыл ақпан айында Душанбе қаласы төрағасының бірінші орынбасары Махмадсаид Зувайдзода "ескі сарай бұзылатынын" растады.

Жұмысшылар сарайды темір торлармен қоршап, бұзуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Душанбенің жаңа бас жоспары 2013 жылы қабылданған. Құжатқа сәйкес, қалада совет заманында салынған бірнеше ғимарат бұзылуы тиіс.