Есмұқан Обаевтың 70 жылдық мерейтойлық кеші өтеді

Кеш қарсаңында режиссер Жәнібек Жетірудың Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақтың Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан театр қайраткерлері одағының басқарма мүшесі, Түркітілдес елдер Ұлттық театрлары Директорлар кеңесінің мүшесі Е. Несіпбайұлы туралы деректі фильмнің таныстырылымы болады. Фильмнің сценарийін жазған публицист, сыншы және жазушы Әлия Бөпежанова. Оны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Жаңа ғасыр» студиясы бірлесіп түсірген. Мерейтой иесінің айтуынша, бұл әдеттегідей өмірбаяндық емес, публицистикалық сарындағы туынды болмақ. Ұзақтығы 52 минут болатын фильмде Есмұхан Обаевтың режиссер және қайраткер ретіндегі қалыптасу жолына талдау жасалмақ. Сондай-ақ «Өнер» баспасынан «Әйгілі адамдар» сериясымен жарық көрген «Режиссер Есмұхан Обаев» деп аталатын жаңа кітаптың тұсаукесері өтпек.