"Естімейтін балалардың үні Үкіметке жетті": Депутат құлақ мүкістігі бар адамдардың мәселесін шешті

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы бір жыл бойы микротия және атрезия паталогиясымен туылған балалардың мұңын айтып келеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Дәл осы паталогиямен туылған балаларға мүгедектік берілмейтін. Енді депутаттардың жұмысы оң нәтиже берді. Бұрын тек құлағының естімеу деңгейі 3-4 дәрежедегі балаларға ғана мүгедектік берілетін. Солар ғана есту аппаратын алатын. Ал басқа балалардың ата-аналары бағасы 500 мыңнан 5 миллилонға дейінгі есту құрылғысын сатып алуға мәжбүр еді.

Осы мәселе әбден халықтың да, депутаттың да жанына батты. Осы себептен "Халық денсаулсығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне тиісті нормалар ұсынылды:

12-бап. Облыстардың, республикалық мағызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары:

- 1-дәрежеден 3-дәрежені қоса алғанда құлақ мүкістігі бар, бірақ мүгедектігі жоқ пациенттерге есту аппаратын тегін, бюджет есебінен әперуге, орнатуға және уақыты келгенде аудиопроцессорларды тегін ауыстырып беруге міндеттелетін болды.

- тек балалар емес, құлағы естімейтін барлық азаматтарға көмек болсын деп бұл норма жас шектеуінсіз ұсынылды.

Ұсынылған норманы барлық мемлекеттік органдар қолдады, жұмыс тобы мүшелері бір ауыздан дауыс берді.

Осылайша естімейтін балалардың үні Үкіметке жетті. Енді шетелде емделу мәселесі үшін күрес жалғасады.