Ет пен шайды бір уақытта ішпеу керек екен

Дүниежүзілік маман Алматыдағы перинаталогия мен балалар кардиохирургиясы орталығына барған кезінде Қазақстандағы келіншектердің денсаулығына үлкен мән беру қажеттігін жеткізді.

"Қазақстандық жүкті әйелдердің денсаулығына келсек, қан аздықпен күресу керек. Мен сіздерге етпен бірге бір уақытта шай ішпеуге кеңес беремін. Өйткені, ағзадағы барлық темір шайылып кетеді. Еттен соң бір сағаттан кейін шай ішкен дұрыс. Бұл тым қарапайым естілуі мүмкін. Сондай-ақ қазақстандық келіншектерге балаларының арасында үзіліс қалдырып босануға кеңес беремін. Сонда балалар мен аналардың денсаулығы жақсы болады", - деді Мелита Вуйнович.

Маман Қазақстан байлығын халық игілігіне, денсаулығына жұмсайтын бай мемлекет екендігін де атап өтті.