"Етегін сонша ашпаса болар еді": Тойда орамал таққан қыздың сальто жасап билегені елдің ашуын келтірді


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. 

Желіде тағараған видеода басына орамал таққан әлдебір жас келін той үстінде лезгин биін билейді. Бірақ жақсы басталған би соңы күтпеген ерсі қылыққа ұласты.  Бар өнерін көрсетіп жүрген келіншек сальто жасап, аяғын аспанға көтерді. Оның бұл қылығы елдің наразылығына тап болды. Желіде көпшілік түрлі пікірлерді қарша боратқан.    

"Басына орамал тартып, етегін сонша ашпаса да болар еді, билеген осы екен демей ақ", "Сальтосы несі үстінде көйлек, басында орамал", "Лезгинка билесе шалбар киіп билеп, сальто жасаса ерсі болмас еді. Күйеуінен таяқ жемеді ме кен",  "Азыдың-ау қайран халқым, ата дәстүр салт санадан айырылып, мына қатынның атасы қайда, байы қайда, рулас жұрты қайда",  "Осындай позорный әрекеттерді неге жасайды екен. Тым жақсы билеп жатты да, сальто айналып бәрін шайып жіберді", "орамалың мен ұзын етегіңе сай әрекет ету керек қой", деген сыңайды пікірлер қалдырылды.