ЕурАзЭҚ бас хатшысы Беларусь басшылығымен кездесуде маусым айында Астанада өтетін Қоғамдастық мемлекет басшыларының саммиті туралы талқылайды

Республика Елордасында өтетін алдағы саммитте Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерде ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің ұстанымын үйлестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, біртұтас көлік кеңістігін құру, Қоғамдастық елдерінің энергетика және басқа да нақты экономика салаларындағы ықпалдастығы туралы талқылау көзделіп отыр.

ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.