ЕурАзЭҚ БҰҰ аймақтық комиссияларының СПЕКА-ны жүзеге асыру жөніндегі бастамасын одан әрі де қолдайды

Г. Рапота ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің хатшылығы мен аймақтық комиссия арасында СПЕКА аясындағы ынтымақтастық, әсіресе Орта Азиядағы су және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ сауда және транспорттық процедураларды жеңілдету сияқты салаларда ойдағыдай дамып келе жатқандығын атап өтті. "ЕурАзЭҚ тарапынанБіріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі аймақтық комиссиялардың бастамасын одан әрі де қолдайтындығына және де олардың жүзеге асырылуына өз үлесін қосатындығына сендіре аламын",- деп атап көрсетті ол. "Біз БҰҰ-ның аймақтық комиссиялары сенімді әріптестерімізге айналады деп сенемін",- деп қосты Г. Рапота.

Ол сондай-ақ Еуразиядағы ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын тағы да атап көрсетті. "Бұл субаймақ үшін халықаралық қатынастардың көп бағытты жүйесін қалыптастыру үрдісі тән. Мұнда экономикалық интеграциялану үрдісі ойдағыдай дамып келе жатыр. Сонымен қатар бұл субаймақта экологиялық, ресурстық және демографиялық сынды ауқымды дағдарыс ошағы бар",- деп атап өтті Г. Рапота. "Субаймақтың барлық мемлекеттерінің бірлескен іс-қызметі ғана осы қауіп-қатерге қарсы тұрудың тиімді тетігі бола алады. Бұл біздің ынтымақтастығымыздың басты бағыты",- деп атап көрсетті ЕурАзЭҚ бас хатшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті