ЕурАзЭҚ экономикалық сотының функциясын ТМД экономикалық сотының атқаратындығы туралы келісімге қол қойылды

Бұл келісім ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің президенттер деңгейінде қабылданған "ЕурАзЭҚ сотын ұйымдастыру туралы" 2003-жылғы 27-ақпандағы шешімі мен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің "ЕурАзЭҚ экономикалық сотының функциясын ТМД экономикалық сотына жүктеу туралы" 2003-жылғы 19-қыркүйектегі шешімдерін жүзеге асыру мақсатында дайындалған.

Сондай-ақ, пленум барысында 2002-жылғы 22-қарашада өткен пленумнан кейінгі кезеңдегі ТМД экономикалық сотының іс-қызметі туралы мәселе қаралып, ТМД экономикалық сотының 2002-жылғы 22-қарашада өткен пленумында қабылданған "ЕурАзЭҚ және басқа да аймақтық қоғамдастықтар аясында пайда болған дау-дамайларды қарау құқығын беру арқылы ТМД экономикалық сотының құзырет аясын кеңейту туралы" қаулының орындалуы , сондай-ақ, ТМД экономикалық сотының мәртебесі туралы 1992-жылғы 6-шілдедегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жобасы жайында талқыланды.