"ЕурАзЭҚ елдерінің кедендік кеңістігінде ортақ валюта енгізу туралы идея әлі құрдымға кеткен жоқ, бірақ дәл қазір ол туралы сөз қозғау әлі ерте", - деді Г. Рапота.
"Біз кедендік одақты құру сатысынан өтуге тиіспіз, бұдан кейінгі кезең - Біртұтас экономикалық кеңістікті құру кезеңі, осыдан кейін ғана біз біртұтас валюта туралы сөз қозғай бастаймыз", - деді ол. Бұл кезеңді жүзеге асыру мерзімі жайындағы журналистер сауалына Г. Рапота : "келесі кезеңнің мерзімі кедендік одақты құру кезеңін қаншалықты тезірек аяқтауымызға байланысты",- деп жауап берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті