Ресей үкімет басшысының айтуынша, мемлекетаралық инвестициялық банк құру туралы бастама көтерген негізгі қатысушылар - Ресей мен Қазақстан болмақ. "Бұл банкті құруға қатысты нақты талап-шарттар, соның ішінде иемденетін үлес пен басшылық мәселелері талқылануы тиіс",- деді М.Фрадков.
"Маусым айының басында өтеді деп межеленген ТМД экономикалық кеңесінің отырысында біз барлық ұсыныстарды сарапшылық деңгейде келісетін боламыз",- деді ол.