Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс барысында кеңестің іс-қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралады. Атап айтсақ, күн тәртібінде ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің ұлттық заңнамасын сақтандыру компанияларының іс-қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі халықаралық принциптермен сәйкестендіру жөніндегі келісімнің жобасын талқылау қарастырылған.
Сонымен бірге ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің сақтандыру компанияларының тиімді сақтандыру жүйелері мен тәуекелдерді қайта сақтандыру тұжырымдамаларының жобасы мен ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдерде сақтандыру қызметіне лицензия беру саласындағы заңнамасын өзара үйлесімге келтіру жөніндегі нұсқаулардың жобасы сарапқа салынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті