"Қоғамдастық мүшелері ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының қатысуымен ұйым және оның инфрақұрылымдарының транспорттық дәліздерін халықаралық стандарттарға сәйкес дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі техникалық міндеттерді дайындау туралы ұсыныстарды қарашада қарастыруды жоспарлауда",- деді С. Әлигужинов.
Осыған байланысты ол, "2005 жылы ЕурАзЭҚ транспорттық дәліздерін құру және дамыту мен оны жүзеге асыру шараларының жобалары жөнінде келісілген саясат жүргізу туралы келісім қабылданғандығын" еске сала кетті. "Үстіміздегі жылы қоғамдастыққа мүше мемлекеттер аумағынан өтетін транспорттық маршруттардың Өзбекстан ұсынған өзгертермен тізімі бекітілген",- деп хабарлады Интеграциялық комитеттің төрағасы.
"Қол қойылған келісімді жүзеге асыру аясында қоғамдастықтың транспорттық маршруттарының тізіміне кірген мемлекеттердің көлік және темір жолдарының техникалық ахуалына талдау жүргізуге қатысты жұмыстар басталды",- деп қосты С. Әлигужинов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті