"Кездесу барысында тараптар ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің 2006-жылғы 16-тамыздағы мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесуінде қабылданған Кедендік одақты құруға қатысты құжаттарды дайындау мен басқа да шешімдерінің орындалу барысын талқылайды",- деді Е.Ашықбаев.
Оның айтуынша, сонымен қатар бүгін Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының екі күндік отырысы басталды. Оған қатысушылар комиссияның блұған дейінгі 45-ші отырысында қабылданған шешімдердің орындалу жайын талқылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті