ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің Мәскеуде өтетін отырысында Қазақстан, Беларусь пен Ресейдің кедендік одағын құру жайы талқыланады

"Кездесу барысында тараптар ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан, Беларусь пен Ресейдің кедендік одағын құру жайы мен басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды", - деді Е. Ашықбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мәскеуде 23 сәуірде ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 39-отырысы өтеді.