ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы әлеуметтік саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы Қырғызстанда өтеді

Отырыс 30-маусымға дейін “Аврора“ пансионатында өтеді. Оған ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлері қатысады.

Тараптар ынтымақтастық аясын кеңейту және министрліктер арасындағы байланысты нығайту перспективасын талқылайды.

ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан енеді.