ЕурАзЭҚ іс-қызметінің басты бағыты - толыққанды Кедендік одақ қалыптастыру - Беларусь президенті



Қоғамдастыққа қатысушы елдердің ауқымды экономикалық, энергетикалық және адами әлеуеті келешекте ЕурАзЭҚ-ты халықаралық экономикалық және саяси процестерде қуатты ойыншыға айналдыра алады, деп пайымдайды Беларусь президенті.

Республиканың интегарциялық бірлестіктерге қатысу мәселесіне тоқталған А.Лукашенко өзі басқаратын елдің Еуразиялық интеграцияның дәйекті әрі белсенді қозғаушысы екенін атап өтті. Оның айтуынша, ЕурАзЭҚ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жуырда осы елде өткен саммиттерінің қорытындысы оның нақты бір дәлелі.

"Осы ұйымдардың басқаралар үшін тартымды әрі тиімді жұмыс істейтін интеграциялық орталықтар бола алу қабілетіне ие екенін уақыт көрсетеді",- деді Беларусь жетекшісі.

Оның пікірінше, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы өзінің халықаралық қарым-қатынастардың дербес субъектісі екенін паш ете отырып, оған мүшелікке өткен елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.

Беларусь президентінің пікірінше, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тиімділігі оған қатысушы елдердің біртұтас көзқарасты шұғыл дәйектей білу, келісілген әрекеттерге дайын болу қабілетіне тікелей байланысты. "Сол себепті біз Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы өз өкілдерімізден сыртқы саяси үйлестірушілік деңгейін одан әрі көтеру бағытында белсенді жұмыстарды күтеміз",- деді А.Лукашенко.