Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акиловтың отырыс барысында хабарлағанындай, премьерлер Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану тұжырымдамасының жобасын, ЕурАзЭҚ елдерінің валюталық саясатының принциптері туралы келісімнің жобасын, инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісімнің жобасы мен Тауарлардың ЕурАзЭҚ кедендік шекаралары арқылы қозғалысы кезінде кедендік карталарды пайдалану туралы хаттаманың жобасын қарамайды.