Б.Грызловтың пікірінше, "парламенттерге мемлекет басшылары бекіткен ЕурАзЭҚ-ты дамытудың 2003-2006-жылдарға арналған басым бағыттарын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі ардақты миссия жүктелген".
Осыған байланысты ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жобалаған "ЕурАзЭҚ-ның заңнамалық негіздерінің мәртебесі, оларды жобалау, қабылдау және жүзеге асыру тәртіптері туралы" келісім жобасын тездетіп келісу қажет. Сондай-ақ, "парламентаралық ынтымақтастықтар аясын кеңейте түсу қажет",- деп пайымдайды Б.Грызлов.
Осы орайда ол Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдер мемлекет басшыларының таяудағы Қырымда өткен кездесуінде Ресей президенті Владимир Путиннің "жаңа интеграциялық бірлестік төрттік елдерін нығайтып қана қоймай, жалпы ЕурАзия аймағындағы экономикалық ілгерілеушіліктің қуатты локомотивіне айналуы тиіс" деген пікірін еске салды. "Бұл процесс ЕурАзЭҚ аясындағы басқа да стратегиялық мақсаттарды шешуге де оң ықпалын тигізуі тиіс",- деді Б.Грызлов.