Оның айтуынша, "бүгінге дейін нұсқау сипатындағы нормативтік-құқықтық актілер, басқаша айтқанда, модель түріндегі заңдар қабылданып келді". Бұдан былай Парламентаралық Ассамблея заңнамалық негіздерді қабылдайтын болады, "бұл құжаттың модельдік заңнан айырмашылығына келсек , ол ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы қабылдап, ұлттық парламеттер бекіткеннен кейін тікелей әсерлі нормативтік-құқықтық актіге айналады",- деді А.Марышев.
Оның атап көрсетуінше, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының бесінші отырысы барысында ЕурАзЭҚ-ның көлік заңнамасының негіздеріне қатысты, сондай-ақ, энергетика және Кедендік Одақтың құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған заңнамалық ұсыныстар қаралады.