ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қырғызстан Жоғарғы Кенеші халық өкілдері жиынының төрағасы Алтай Бөрібаев Н.Әбіқаевтың кандидатурасын таныстыра отырып, 2002-жылдың 2-қарашасында өткен үшінші отырыста ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы болып ҚР парламенті сенатының сол кездегі спикері Оралбай Әбдікәрімов сайланғанын атап өтті. "Регламентке сәйкес, Ассамблея төрағасы ротациялық негізде екі жылға сайланады. Демек, бұл мерзім әлі аяқталған жоқ",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұған дейін ҚР парламенті сенатының спикері болған Оралбай Әбдікәрімов ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне ауысты.