ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жалпы отырысында шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланады

"Бұл мәселені талқылай отырып біз бірінші кезекте өз елдеріміздегі заңнамаларды үйлестіру жөнінде сөз қозғадық. Үйлестіру нәтижесінде біз республикалар азаматтарының ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер аумағында еркін жүріп-тұру мүмкіндігіне қол жеткізбекшіміз",- деді ол.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Қоғамдастыққа мүше-елдердің шекараларындағы кедендік бақылауды жеңілдету жөніндегі ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының барша елдер үшін айрықша маңызды нұсқаулары жобасын талқылау көзделген.
Е.Нигматулиннің айтуынша, қазіргі таңда "ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының мүшелері көптеген мәселелер бойынша өзара түсіністікке жылдам қол жеткізуде. Бұл маңызды мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді".