ЕурАзЭҚ жобаларын әзірлеуге бизнес қоғамдастығының қатысуын пәрмендендіру қажет - Мансұров

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, әңгіме барысында тараптар Мемлекетаралық кеңестің еуразиялық кеңістіктегі бірігу процестерін пәрмендендіру, ең алдымен Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Кеден одағын құруға байланысты мәселелері жөніндегі Душанбеде 2007 жылдың 6-қазанында өткен отырысында ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің басшылары қойған міндеттерге қатысты осы ұйымдардың ынтымақтастығын кеңейтудің болашағын қарастырған.

"Тараптар алға қойылған міндеттердің ауқымдылығы бизнес қоғамдастығының ЕурАзЭ мүше елдің әрқайсысында өзара тиімді инновациялық жобалар әзірлеуге нақты қатысуына байланысты іс-қызметті айтарлықтай пәрмендендіруді талап ететіндігін бірауыздан айтып өтті",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ресейдің Қаржы-өнеркәсіптік қауымдастығы, Ресейдің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағы, Сауда-өнеркәсіптік палатасы және Қоғамдастыққа мүше елдердің осы тектес бірлестіктері құрылтайшылары болып табылатын "ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесі" Қауымдастығы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделі беделді мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар мен бизнес өкілдерін біріктіреді.