ЕурАзЭҚ-ның 2006-жылғы бюджетінің жобасы мақұлданды

Сонымен бірге Мәскеуде өткен отырыс барысында тарифтік және траифтік емес реттеу, валюталық реттеу және валюталық бақылау, экспорттық бақылау, қаржылық-экономикалық саясат саласындағы құжаттардың жобасы талқыланды. Бұл құжаттарды мақұлдаған сарапшылар оларды ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің қарауына ұсынуға шешім қабылдады. Атап айтсақ, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердегі тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары туралы келісімнің жобасы, ЕурАзЭҚ аясындағы біртұтас кедендік тариф туралы, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің капитал қозғалысына қатысты операциялар бойынша валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы саясатының басты принциптері туралы, ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің бюджеттік заңнамасының негізін қабылдау туралы, ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердегі ғылыми дәрежелерге қатысты құжаттардың баламалылығын белгілеп өзара мойындау тетіктері туралы келісімдердің жобалары бар.

Отырыста сонымен бірге ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастығының жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының 32-отырысын 2005-жылдың 24-қыркүйегінде Душанбе қаласында өткізуге шешім қабылданды.