Бұқаралық Ақпарат құралдары - кемеліне келген азаматтың қоғамның ажырамас бір құрамды бөлігі, деді ЕурАзЭҚ бас хатшысы. Біз баспасөзге ашықпыз, сондай-ақ, БАҚ-тармен етене жақын байланыстар орнатумен бірге , өзара ынтымақтастықты тіптен пәрмендендіре түсуге дайынбыз, деді Г.Рапота.
ЕурАзЭҚ туралы ең таңдаулы басылым материалына жариялаған байқауда Михаил Ростовский ("Московский комсомолец"), Виктория Панфилова ("Независимая газета"), Юрий Киринициянов ("Российская газета"-ның Қазақстандағы тілшісі), Дмитрий Огородников (пәкістандық "Дейли Санг-э-мил" газетінің ресейлік өкілдігінің редакторы, Оренбург) сынды журналистер жеңімпаз атанды.