Бұл кеңес ЕурАзЭҚ-қа мүше- елдердің атқарушы билік орындарындағы жаңартуларға байланысты біраз үзілістен кейін бас қосып отыр, делінген хабарламада.
Күн тәртібіне 20 мәселе шығарылды. Атап айтсақ, ЕурАзЭҚ-тың білім беру жөніндегі заңнамаларының негізін, мамандық түрлерінің, кәсіп және квалификация түрлерінің үлгілік жобасын, сондай-ақ, оларды пайдалану жөніндегі келісімнің жобасын жасау жайы талқыланды. Сонымен бірге ЕурАзЭҚ-қа мүше- елдердің жоғары білім стандарттары сарапқа салынды. Жұмыссыз жандарды кәсіптік бағыттау, дайындау, олардың мамандығын шыңдау және қайта дайындау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Кеңес жұмысын ҚР білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Геннадий Гамарник басқарды. Сондай-ақ бас қосуға ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетов қатысты.
Кеңестің кезекті 10-шы жиналысы 2005-жылдың қараша айында Тәжікстанда өткізіледі деп шешілді.