ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер трансферттік бағаға бақылау қою саласы бойынша ақпараттар алмаспақшы

РФ үкіметі ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің салық және кеден мекемелері арасында трансферттік бағаға бақылау қою саласы бойынша ақпараттар алмасу туралы РФ қаржы министрлігі таныстырып, РФ СІМ, РФ экономикалық даму және РФ әділет министрліктерімен келісілген хаттама жобасын "Ресей Федерациясының халықаралық келісімдері туралы" Федералдық заңның 1-бабы, 11-тармағына сәйкес мақұлдау туралы қаулы қабылдады.

Хаттамаға ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі отырысында қол қойылады.