ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер үшін Бүкіләлемдік сауда ұйымына аймақтық ұйым ретінде мүшелікке өту тиімді

С.Пірімбетовтың айтуынша, біртұтас кедендік одаққа біріккен Беларусь, Ресей және Қазақстан сынды елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымына қазіргіден артықша қолайлы шартпен мүшелікке өтуге келіссөздер жүргізе алар еді. Сонымен бірге экономикалық әл-ауқат көрсеткіші ретінде 2003-2004-жылғы көрсеткіштер алынар еді. Ал қазір базалық көрсеткіш ретінде 1996-жылғы көрсеткіштер қолданылуда. Ол кезде экономиканың құлдыру көрсеткіші 1991-жылғымен салыстырғанда 36 процентті құраған.

Біртұтас ұйым ретінде Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтудің тағы бір артықшылығы - Кедендік одаққа мүше елдер аясындағы ішкі кедендік баж салықтарын, кедендік каникулдар мен ауылшаруашылығына арналған дотацияларды белгілеу мүмкіндігіне болмақ. "Бүкіләлемдік сауда ұйымы халықаралық ұйымдар үшін осындай жеңілдіктерге рұқсат береді",- деді С.Пірімбетов.