"Басқа бірлестіктермен салыстырғанда, біз жаңа қоғамдастық құруда саяси мақсаттың орнына, экономикалық бағытқа басымдық бердік",- деді А.Марышев. "Біз көбінесе нақты экономиканың асығын алшысынан қойдық. ЕурАзЭҚ - Еуропалық Одақтың елесі іспетті",- деді ол.
А.Марышевтың айтуынша, "Парламентаралық Ассамблеяның шаралары алғаш рет көшпелі режимде Астанада өтуде".